русский язык
Футбол

«Ордабасы» «Тобылдан» басым түсті

«Ордабасы» «Тобылдан» басым түсті
Шымкентте «Ордабасы» мен «Тобыл» футбол клубтары кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Владимир Кумыковтың шәкірттері ойынды толықтай бақылады.  Алайда аса бір қауіпті сәт орын ала қойған жоқ. Тек бірінші тайм аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Сергей Малый баспен допты қақпаға дәл бағыттап, есепті ашты.  Екінші ойын бөлігінде екінші гол соғылды. 68-ші минутта Азат Нұрғалиев жойқын соққысымен Петуховтың қақпасына тағы бір гол соқты.
 
Қазақстан чемпионаты, 19-шы тур
«Ордабасы» - «Тобыл» 2:0 (1:0)
Голдар: Малый 45+2, Нұрғалиев 68
«Ордабасы»: Бойченко, Кожабаев (Симчевич 46), Малый, Мухтаров, Сүйімбаев, Трайкович, Бейсенов (Касьянов 65), Нұрғалиев (Әшірбеков 75), Петров, Тәжімбетов, Түңғышбаев.
«Тобыл»: Петухов, Аслан, Климавичус (Уче Калу 46), Недашковский, Садовничий, Яворский, Богданов, Шимкович, Юрин, Зенькович (Бугаев 70), Матулявичюс.      
Төрешілер: Александр Алиев, Александр Павлов, Сергей Васютин
Ескертулер: Трайкович 17, Петров 60 – Шимкович 30, Недашковский 62
5 шілде 2015 жыл, Шымкент, Орталық стадион.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;