Күрес

Елордада Wrestlings Stars додасы өтеді

Елордада Wrestlings Stars додасы өтеді

Елордадада еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем чемпиондары, сондай-ақ MMA шеберлері мен танымал блогерлердің басын қосатын Wrestlings Stars атты халықаралық дода өтеді.

Жарыс біріккен күрес әлемінің ережесіне сай ұйымдастырылады. Еркін күрес майталмандарынан бөлек, ММА шеберлері мен танымал блогерлер жекпе-жекке тастүйін дайын.

Турнирде 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов, Олимпада және әлем біріншілігінің жүлдегері Нұрислам Санаев, ММА шеберлері Василий Тахтай, Арман Әшімов, Әліби Ыдырыс, Бағдат Жұбаныш, Жұман Жұмабеков, Tartyl Fest жобасының амбассадоры Айтым Жақыпов бақ сынайды.

Аталған күрес мере­кесін 18 желтоқсан күні «Жекпе-жек» сарайын­да тамашалауға мүмкіндік бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0