русский язык
Футбол

«Қайрат» «Шахтердің» тас-талқанын шығарды

«Қайрат» «Шахтердің» тас-талқанын шығарды
Премьер-Лиганың 19-шы туры аясында Қарағаныда жергілікті «Шахтер» мен алматылық  «Қайрат» командалары кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Владимир Вайсс алдағы Еуропа Лигасының аясында «Црвена Звездаға» қарсы қарымта ойынға байланысты бұл матчта қосалқы құрамды алып келуді жөн санапты. Көрермендер алғашқы голды ұзақ күтпеді. 6-ші минутта Сержиньо 11 метрлік айыпдобынан есепті ашты. Бірер минуттар өтікеннен кейін Исаэлдің бұрыштан көтерген добын Сито Риера қақпаға дәл бағыттай білді.
 
Екінші таймда да қонақтар ашық ойын өрнегін көрсетті. Допқа ұзақ иелік етіп, шабуылдарын үдете түсті. 60-шы минутта Риера дубль авторы атанып, командасының үшінші голын соқты. Мокин қайтарған допты екінші лекпен қайта бағыттап, есепті 3:0-ге жеткізді. Испандықтың орнына алаңға шыққан Момоду Сисей  айып алаңынан соққы жасап, Мокиннің қақпасынан саңылау тапты. Ал матчтың соңғы нүктесін Жамбыл Көкеев қойды. Қақпа маңында жүрген Жамбыл аяғына доп түсісімен жойқын соққы бағыттап, 5-ші голды соқты.
 
Қазақстан чемпионаты, 19-шы тур
«Шахтер» - «Қайрат» 0:5 (0:2)
Голдар: Сержиньо 6, Риера 13, 60, Сисей 72, Көкеев 83
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Джидич, Порываев, Вошаглик (Фещук 46), Ермеков, Коструб, Нұрыбеков, Петрацци, Мұртазаев, Уббинк (Финонченко 55).    
«Қайрат»: Ткачук, Гурман, Қуантаев (Соарес 74), Маркович, Рудосельский, Дарабаев, Исаэл (Ли 77), Кукеев, Лунин, Риера (Сисей 66), Сержиньо     
Төрешілер: Виктор Антонов, Виталий Дерцапф, Дмитрий Филоненко
Ескертулер: Вошаглик 5 – Исаэл 20, Кукеев 47
5 шілде 2015 жыл, Қарағанды, «Шахтер» стадионы.
 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;