Футзал

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» - «Хрудим» матчының трансляциясы

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» - «Хрудим» матчының трансляциясы

Бүгін Алматыда футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің С тобындағы екінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы матчта алматылық команда күтпеген жерден «Луксол Сент-Эндрюспен» (0:0) тең ойнады. Сондай-ақ «Бенфика» - «Хрудим» матчы (3:3) да тең аяқталды.

Екінші айналымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Луксол Сент-Эндрюс» пен «Бенфика» кездеседі. Ал 21:00-де «Қайрат» АФК - «Хрудим» кездесуі басталады.

Элиталық кезеңінің барлық матчын PROSPORTSTV YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ, тікелей трансляция сағат 20:55-те Qazsport телеарнасында қолжетімді болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0