русский язык
Футбол

Жасур Нәзірқұлов: «Смақовтың соққыны қалай жасайтынын білдім»

Жасур Нәзірқұлов: «Смақовтың соққыны қалай жасайтынын білдім»
«Атырау» клубының қақпашысы Жасур Нәзірқұлов «Ертіске» қарсы ойын (0:0) туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
 
- Бүгін өте қиын ойын болды. «Ертіс» екінші айналымға жақсы ойыншыларды жинады. Өз қақпамызға гол жібермей, қарсылас қақпасына гол соғу негізгі мақсатымыз болды. Бірақ бүгін мақсатымыз толықтай орындалмады. 
 
«Ертіс» допты көп ұстап, бірінші нөмірмен ойнатыны анық па еді?
 
- Біз оны алдын ала зерттеген болатынбыз. Керекуліктер алғашқы алтылыққа кіруге барынша тырысып бағады. Бірінші айналымда аз ғана ойын қалды. Сол себепті олар әр кездесуде жеңіс үшін ойнайтыны белгілі.   
 
- Пенальтиді қайтарғанда, өз түйсігіңе сендің бе, әлде Смақовтың қайда тебетінін алдына алдын ала білдің бе?
 
- Смақов пенальтиді жақсы тебеді. Соққы жасардың алдында басын бір көтеріп барып, бар күшімен допты тебеді. Екеуміз кезінде бір командада ойнаған болатынбыз. Егер соққының алдын сәл қозғалсаң, ол бағытын өзгертеді. Сол себепті бір орнымда қақшиып тұрдым.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;