русский язык
Футбол

Сампаоли: «Біз Аргентинадан мықты болдық»

Сампаоли: «Біз Аргентинадан мықты болдық»

Америка Кубогының иегері Чили құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли финалда шәкірттерінің Аргенитинадан мықты ойнағандығын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Біз Аргентинадан мықты болдық. Оған бәрі куә. Чили құрамасы тамаша ойын өрнегін көрсетті және де негізгі уақытта жеңуге де мүмкіндігі болды. Жігіттердің ойынына толықтай ризамын, жігерлік танытқаны үшін алғысымды айтамын. Біздің ойындағы негізгі мақсатымыз Месси сияқты Аргентина құрамасының басқа да жұлдыздарына допты бермеу болатын. Лионельге келетін болсам, бір матч әлемнің үздік ойыншысының абыройына нұқсан келтіре алмайды. Ал біз өз кезегімізде бұл жеңісті ерекше атап өтеміз. Жарыс басталысымен өте қызықты өрбіп, тамаша жетістікке жеттік», — дейді Сампаоли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;