ММА

«Қорқасың». Макгрегор Хабибті жекпе-жекке шақырды

«Қорқасың». Макгрегор Хабибті жекпе-жекке шақырды

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Хабиб Нурмагомедовті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен төбелесуді жалғастырамын. Әкеңнің жоспары ешқашан орындалмайды, себебі сен қашып кеттің, бауырым. Қайта төбелескің келсе, мен әлі де осындамын. Бірақ жеңіліп қалудан қорқынышың жеңіліп қалғаныңды білдіреді. Бұдан қалағаныңша қаш. Соңында бәріміз де жеңілеміз. Өлім бәрімізді алып кетеді. Мен Құдайдан басқа ештеңеден қорықпаймын», - деп жазды Конор, бірақ кейін бұл жазбасын Твиттерден өшіріп тастады.

2018 жылы Нурмагомедов Макгрегорды төртінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Ал екі жылдан кейін Хабиб кәсіби спортты жеңіліссіз карьерасын аяқтаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0