Хоккей

«Барыс» - «Салават Юлаев» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» - «Салават Юлаев» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» араға сегіз күн салып «Салават Юлаевпен» қайта кездеседі. Уфада Андрей Скабелка шәкірттері 2:0 есебімен жеңген. Бірақ артынша «Автомобилист» (0:2) пен «Амурдан» (1:3) жеңіліп қалған еді.

Елордалық команда Шығыс конференциясында 28 ұпаймен плэй-офф кезеңіне кіре алмай тұр. «Салават Юлаев» қатарынан төрт матч жеңіліп келе жатыр. Кейінгі матчында «Сибирьге» (1:2) жол берген.

Астанадағы командалардың осы маусымдағы үшінші матчы болады, 29 қазанда Уфада «Салават Юлаев» (5:1) сенімді жеңген болатын.

Бүгінгі кездесу жергілікті уақытпен 19:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Тікелей трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Фото: Барыс ХК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0