1XBET - ставки на спорт

Әлем чемпионатының алғашқы матчында Эквадор Катарды жеңді

Әлем чемпионатының алғашқы матчында Эквадор Катарды жеңді

Катардағы футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчында алаң иелері Эквадормен кездесті, Prosports.kz.

Турнирдің алғашқы матчы "Әл-Байт" стадионында өтті. Бұл ойында Эквадор 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі голды да шабуылшы Эннер Валенсия бірінші таймда соқты. Төреші футболшының тағы бір голын есепке алмады. 

Осы ойыннан кейін Эквадор құрамасы А тобында бірінші, Катар соңғы орында тұр. Ертең А тобындағы қалған екі құрама - Сенегал мен Нидерланды кездеседі. 

Катар құрамасы әлем чемпионатындағы келесі матчын 25 қарашада Сенегалға қарсы өткізеді. Дәл сол күні Нидерланды мен Эквадор ойнайды.

Әлем чемпионаты 2022. А тобы. Бірінші тур.

Катар – Эквадор – 0:2 (0:2)

Гол соққан: Валенсия 16 (0:1), Валенсия 31 (0:2)

Төреші: Орсато (Италия)

20 қараша. Эль-Хаур. «Әл-Бейт» стадионы. 60 000 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или