русский язык
Футбол

«Астана» өз алаңында «Қайсардан» басым түсті

«Астана» өз алаңында «Қайсардан» басым түсті

Елордалық «Астана» клубы өз алаңында қызылордалық «Қайсар» командасын жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ»

Ойынның шешуші сәті бірінші гол болды. Қонақтар сапынан Рахымжан Розыбакиев гол соқты. Тек... өз қақпасына. 26-шы минутта Марин Аничичтің тепкен добы бағананан кері қайтып, қақпаның маңында құлап жатқан Розыбакиевтің аяғынан қақпаға бағыт алды.

Екінші тайм бастала салып, есеп мәні өзгерді. Алаң иелері сапынан Таңат Нөсербаев  көзге түсті: «Астана» капитаны айып алаңына еніп барып, Кирилл Прядкин қорғаған қақпадан саңылау тапты.

 

«Астана» (Астана) – «Қайсар» (Қызылорда) 2:0 (1:0)
Голдар: 
1:0 – Розыбакиев (26, автогол), 2:0 – Нусербаев (47)
«Астана»: Эрич, Аничич, Ахметов, Бейсебеков, Шомко, Жуков, Каньяс, Кетевоама (Дедечко, 87), Жолшиев, Нөсербаев (Кабананга, 76), Твумаси (Максимович, 78).
«Кайсар»: Прядкин, Балтаев, Кейлер, Кляйн, Митошевич, Нұрдәулетов, Кнежевич (Хунт, 46), Нәрзілдаев (Вороговский, 69), Розыбакиев, Молдақараев (Алтынбеков, 80), Струков.
Ескертулер: Розыбакиев (39), Кнежевич (41), Бейсебеков (75).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;