«Тараз» «Жетісуды» жеңді
![«Тараз» «Жетісуды» жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1436025506_432972827.jpg?v=28712059)
«Тараз» командасы өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Таблодағы есеп тек екінші таймда ашылды. 61-ші минутта алаңға тыңнан қосылған Шерхан Бауыржан қақпа маңында тұрған Әлішер Сүлейге пас асырды, ал ол өз кезегінде баспен допты тура қақпаға бағыттады. Екінші гол матч аяқталуына 6 минут қалғанда соғылды. Александр Пищур сол қапталдан Денис Валислевтің көтерген добынан кейін есепті 2:0-ге жеткізді.
«Тараз» (Тараз) – «Жетісу» (Талдықорған) 2:0 (0:0)
Голдар: 1:0 – Сүлей (61), 2:0 – Пищур (84)