Бокс

Алматыдағы бокс кешінде Рахат Сейітжан тәжікстандық қарсыласын нокаутқа түсірді

Алматыдағы бокс кешінде Рахат Сейітжан тәжікстандық қарсыласын нокаутқа түсірді

Бүгін Алматыда Tukeshov Boxing Event XVII кәсіпқой бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Рахат Сейітжан (9-0, 5 КО) тәжікстандық дебютант Расулджон Азимовпен кездесті.

6 раундқа есептелген жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Сейітжан техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Рахат Сейітжан карьерасындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0