русский язык
Футбол

Ерлан Қожағапанов: «Үлкен сенімді ақтау үшін барлық күшімізді жұмсауға тырысамыз»

Ерлан Қожағапанов: «Үлкен сенімді ақтау үшін барлық күшімізді жұмсауға тырысамыз»
Қазақстан футбол федерациясын басшысы Ерлан Қожағапанов ҚФФ-ның ресми сайтына сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ» 
 
- Ерлан Тоқтарханұлы, жаңа жұмыс орнынан қандай әсер алдыңыз?
 
- Мемлекет басшысы - Қазақстан футбол федерациясының Құрметті Президенті. Сол себепті бұл үлкен абырой, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті жүктейді. Үлкен сенімді ақтау үшін барлық күшімізді жұмсауға тырысамыз.  
 
 - Осы уақыт аралығында қандай істер атқара алдыңыз?
 
- Елбасының дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың санын арттыру жөнінде нақты тапсырмасы бар. Оның үстіне, Мемлекет басшысы спортпен белсенді түрде айналысып, салауатты өмір салтын насихаттайды.  Нұрсұлтан Әбіүшұлы аймақтарда, әсіресе, ауыл жастары арасында спортты дамыту керек екенін әрқашан айтады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отыра, біз аймақтарды жиі аралаймыз және футбол инфрақұрылымының қазіргі жағдайымен танысамыз. Футбол жұртшылығымен кездесеміз, балалар жаттықтырушыларын тыңдаймыз.
 
- Балалар және жасөспірімдер футболы қалай дамуда?
 
- Елбасы бұқаралық футболға тартылған балалардың санын арттыру тапсырмасын алға қойды. Қазіргі таңда футбол секциялары, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала доп тебеді. Соңғы жылдары Кәсіпқой футбол лигасының клубтарында 13 балалар футбол орталығы құрылды. Биыл дәл осындай 3 орталық Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында ашылады. Алматыда «Қайрат» футбол академиясы толыққанды жұмысын бастады.
 
- Бұл бағытта тағы қандай жоспарлар бар?
 
- Президенттің тапсырмасы бойынша биыл Қазақстанның балалар және жасөспірімдер лигасы құрылады. Ол келесі жылдың жазына қарай еліміздің барлық аумағында 32 мың баланы қамтиды. Облыс әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі бірігіп, 500-ден аса баланы қамтитын аймақтық футбол академиясын құрмақ. Оларға жоғары деңгейдегі футбол бойынша Испания, Германия және өзге де беделді еуропалық елдердің мамандары дәріс беретін болады. Нәтижесінде бұл балалар Ұлттық құраманың негізгі резервіне айналады. Алдағы 2-3 жылда бұқаралық футболда 350 мыңға жуық баланы қамтитын балалар және жасөспірімдер футболының жүйесі құрылмақ. Әрі қарай балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен клубтардың жанындағы футбол орталықтарында 40 мыңнан астам бала доп тебеді. Ал, бұл жүйенің - шыңы аймақтық футбол академиялары. Олар шығыста - Өскемен, оңтүстікте - Шымкент, батыста - Ақтөбе және еліміздің жүрегі - Астанада орналаспақ.
 
- Біздің футболды үлкен болашақ күтіп тұр деп айтуға болады ма?
 
- Басқаша болуы мүмкін емес. Қазақстандық футбол деп аталатын үлкен кеменің басында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. Біз тек осы бағыт бойынша жүріп, нақты тапсырмаларды орындар, жаңа жетістіктер күтеміз! 
 
ҚФФ ресми сайтынан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;