русский язык
Футбол

«Кайраттың» қаһарына мінген сәті

«Кайраттың» қаһарына мінген сәті

Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Кайрат» сырт алаңда сербиялық «Црвена Звезданы» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ»

Белградқа сапарға аттанған Владимир Вайсс қалай болғанда да жақсы нәтижеге қол жеткізетіні анық еді. Алғашқы минуттардан ойын қызуғанды басталған еді. «Кайрат» бірінші шабуылы нәтижелі аяқталды: Жерар Гоуды тартып құлатқан Павичевич қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 10 ойыншымен қалған алаң иелері, дегенмен де, осалдығын білдірмеді. Жанкүйерлерінің керемет қолдауының арқасында жылдамдығын үдете түсіп, шабуыл артынан шабуыл үйлестіре білді. Тек аса бір қауіпті сәт орын алды деуге болмас. «Кайраттың» тас-қамал қорғанысы қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ал «Црвена Звезданың» артқы шебі көп қателесті, Жерар Гоу мне Сито Риераның гол соғатын мүмкіндіктері болды. Алдымен «Кайраттың» қара маржаны Райковичті бір састырды. Гоудың соққысы бағанадан сәл ғана қиыс кетті. 16-шы минутта Ларенцо Риера сол қапталдан шабуылға араласып, қақпаның алыс бұрыштығын көздеген болатын, алайда оның тепкен добы қиыс кетті. Одан кейінгі 20 минут қарсыластардың бір-бірін аңдумен өтті. Тек 40-шы минутта таяғанда Катаи айып алаңының сыртынан соққы жасап, Плотниковты сынап көрді. Бірақ «Кайраттың» қақпашысы бәрін бағамдап, допты оңай ұстай білді. Бірінші тайм аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Вайсс шәкірттері қарымта шабуылды нәтижелі аяқтады. Оң қапталда жүрген Риера айып алаңындағы Қуатқа пас лақтырды, ал ол өз кезегінде баспен допты Гоуға бағыттады. Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені өзінің шеберлігін тағы да паш етті. Қайшылап тепкен добы Райковичтің қақпасынан табылып, таблодағы есеп ашылды. «Кайрат» басымдыққа ие.

 

Екінші таймды алаң иелері қарқынды бастады. Бір-екі рет Плотниковтың қақпасына соққы бағыттап көрді. Алайда нәтижесіз.Исламхан кезекті бір шабуылда мүмкіндігін жіберіп алды. Қорғаныстағы өрескел қателіктен кейін «Кайраттың» капитаны бос қақпаны дәлдеген болатын, бірақ Райкович әдемі секірісімен допты қайтара алды. Бұл талантты қақпашы бүгін көрермендерді таңқалдыруда. 5 минут өтер-өтпес уақыттан кейін қақпа маңындағы қарбаласта Риера жойқын соққы бағыттаған еді, алайда қақпашы өз орынында. 64-ші минутта айып алаңының сыртында тамаша комбинация жасаған алматылықтар Ермек Қуантаевты қақпашымен жеке шығарды. Ал өз кезегінде қорғаушымыз мүмкіндігін пайдалана білді. Есеп – 2:0. 75-ші минутта Исаэл мен Сержиньо «Црвена Звезданың» қақпашысымен жеке шыққан сәтте, 10-шы номерлі ойыншы өзінің шеберлігіне сеніп, соққы жасаған болатын. Алайда Райковичтен айласын асыра алмады. Ойын аяқталуға бірер минут қалғанда Қуантаевтың дубль авторы атануына мүмкіндігі болды. Алайда Ермектің тепкен добы қақпадан биік кетті.

Еуропа Лигасы, Бірініші іріктеу кезеңі
«Црвена Звезда» (Сербия) - «Қайрат» (Алматы) 0:2 (0:1)
Голдар: Гоу 45, Қуантаев 64
«Црвена Звезда»: Райкович, Анджелкович, Павичевич, Рендулич, Цветкович (Йович 60), Веред, Катаи (Ристич 77), Ковачевич (Йованович 5), Паркер, Савичевич, Орландич.  
«Қайрат»: Плотников, Соарес, Гурман, Қуантаев, Маркович, Исаэл (Дарабаев 81), Исламхан (Сержиньо 62), Қуат, Лунин, Риера, Гоу.   
Төрешілер: Бартош Франковски, Михал Обукович, Игор Голис  
Ескертулер: Катаи 62 – Маркович 37
Алаңнан қуылды: Павичевич 3
2 шілде 2015 жыл, Сербия, Белград. 

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;