Бекхан Шайзада: Кубок жеңімпаздары болатынымызға соңына дейін сендік

Бекхан Шайзада: Кубок жеңімпаздары болатынымызға соңына дейін сендік

Шымкенттік клубтың қақпашысы «Ордабасы» - «Ақжайық» кездесуі жайлы (5:4) пікір білдірді

- Ойын ауырға соқты, бірақ біз бұған дайын болдық. Матч барысында жеңіліп жатып, екі мәрте есепті теңестіре алдық. Қазақстан Кубогының жеңімпаздары болатынымызға соңына дейін сендік.

Біз клуб тарихында қалғымыз келді және бұл ойымыз іске асты. Елордаға келген және Шымкенттегі барша жанкүйерлерге алғысымды білдіремін, біз сіздердің қолдауларыңызды сездік, бұл бізге көмектесті.

Бапкерлік штабқа, дәрігерлерге, массажисттерге және бізге көмектесіп, қолдаған адамдарға ерекше алғыс айтамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0