русский язык
Футбол

«Қайрат» мобильді қосымшасын іске қосты

«Қайрат» мобильді қосымшасын іске қосты
Алматылық «Қайрат» клубы смартфон және планшет үшін көпфункциялы мобильді қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды «PROСПОРТ» 
 
Бұл қосымшаны қазір Play Market-тен мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады, ал жақында ол App Store-ге шығады, деп хабарланған ФК сайтында.
 
Қосымшаның негізгі «маңызды» бөлімінде матч нәтижелерін, турнир кестесін және түрлі промо роликтерді көруге болады.
 
"Жаңалықтар" бөлімінде команда жаңалығы бар. Ол екі категорияға бөлінген: клуб жаңалықтары мен академия жаңалықтары. Жаңалықтар астына пікір де қалдыруға болады.
 
«Оқиғалар» бөлімінен "Қайраттың" жақын арадағы өз алаңындағы кездесулері мен клубтың өзге де шараларды көруге болады. "Команда" бөлімінде клуб ойыншылары мен жаттықтырушылары туралы ақпарат орналастырылған. Қосымшада атрибутикалар онлайн-дүкені бар, сонымен қатар Алматыдағы "Қайрат" матчтарына билетті де осы жерден сатып алуға болады.
 
Қосымшадан сүйікті футболшылардың суретін де жүктеуге мүмкіндік бар. Кез-келген жанкүйер "фан-аймақ" бөлімін пайдаланып, фотосын, видео немесе мәтінін жіберіп, өзінің жаңалығын орналастыра алады.
 
today.kz
 
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;