русский язык
Футбол

«Қазақстан» арнасы «Црвена Звезда» мен «Қайрат» ойынын тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» арнасы «Црвена Звезда» мен «Қайрат» ойынын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Црвена Звезда» - «Қайрат» кездесуін «Қазақстан» арнасы көрсетеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ» 
 
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы футбол жанкүйерлеріне сый тарту етеді. Шетелдік әріптестермен ұзақ уақытқа созылған келіссөздердің нәтижесінде еурокубоктағы қазақстандық команданың ойыны тікелей эфирде көрсетіледі.
 
Сербия астанасы Белградтағы «Райко Митич» стадионында өтетін кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 00:40-та тікелей эфирде көрсетеді.
Ал, 3 шілдеде «KAZsport» телеарнасы сағат 11:50 мен 19:00-де ойынның қайталауын көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;