«Астананың» бұрынғы футболшысы бразилиялық клубтан кетті

«Астананың» бұрынғы футболшысы бразилиялық клубтан кетті

Беларусь құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ренан Брессан Бразилияның екінші дивизионындағы Вила Нова клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz Tribuna.com сайтына сілтеме жасап.

Брессан жарақатына байланысты клуб сапында бірде-бір матч ойнаған жоқ. Ол осы жылдың шілде айында «Вила Нова» командасына қосылды.

Бұған дейін футболшы бразилиялық Криусима клубының түсін қорғаған.

Айта кетейік, 2014 жылғы маусымда Ренан Брессан «Астана» сапында өнер көрсеткен болатын. Елордалық клуб сапында футболшы Қазақстан Премьер-Лигасының чемпионатында алты ойын өткізіп, бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0