Бокс

Гүлсая Ержан Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Гүлсая Ержан Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

81 келіге дейінгі финалда қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан үндістандық Савитимен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) алтын медаль иеленген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0