Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасында қызмет атқарады
![Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасында қызмет атқарады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1435829125_440620291.jpg?v=28713499)
Еуропа Лигасы іріктеу турниріндегі «Саксан» - «Аполлон Лимассол» матчына Қазақстанның төрешілер тобы тағайындалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Кишиневте өтетін ойынның бас төрешісі талдықорғандық Денис Измайлов болмақ. Оның көмекшілері - Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау). Төртінші төреші - қарағандылық Артем Кучин.
Денис Измайлов өткен маусымда Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің матчында қызмет атқарған. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) матчында жұмыс істеді. Бұл ойында Измайлов төрешінің қосымша көмекшісі болмақ.
Еске сала кетейік, Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің алғашқы матчтары бүгін өтеді.
kff.kz