Бауыржан Омаров: Кубокта жанкүйерлер алдында ақталғымыз келеді

Бауыржан Омаров: Кубокта жанкүйерлер алдында ақталғымыз келеді

«Ақжайық» футбол клубының капитаны Бауыржан Омаров Қазақстан OLIMPBET-Кубогының финалының алдында өз пікірімен бөлісті.

- Бізді Астанада қызықты ойын күтуде. Маусымның соңғы ойынында барынша беріліп ойнауға тырысамыз. Биыл, өкінішке орай, Премьер-лигадағы орнымызды жоғалтып алдық, сол себепті Кубоктың финалында жанкүйерлер алдында ақталып, жеңіс сыйлағымыз келеді. Менің ойымша, ойын қызықты болады.

Финал 2022 жылдың 12 қарашасында «Астана Арена» стадионында өтіп, 15:00-де басталады. Билеттер ticketon.kz сайтында сатып алуға болады. Олардың құны: 1000-2500 теңгеге аралығында.

Түпнұсқасы: pflk.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0