Ресми: Миранда – «Интердің» жаңа ойыншысы
![Ресми: Миранда – «Интердің» жаңа ойыншысы](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1435816768_150916233.jpg?v=28713734)
«Атлетико» футбол клубының қорғаушысы Жоао Миранда миландық «Интерге» ауысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Бұл туралы «нерадзурридің» ресми сайты мәлімдейді. Бразилия құрамысының 30-жастағы ойыншысын сатып алу үшін италяндық клуб «Атлетикоға» 15 миллион еуро төледі.
Естеріңізге сала кетсек, 2011-ші жылы Миранда «Сан-Паолодан» «Атлетикоға» ауысып, мадридтік клуб сапында Испания чемпионаты мен кубогын және Еуропа лигасын жеңген болатын.