Бокс

Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының финалына шықты

Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық Алуа Балқыбекова бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақта Балқыбекова Өзбекстан өкілі Фарзона Фозиловамен кездесті.

Жекпе-жек 5:0 есебімен біздің боксшының пайдасына аяқталды.

Еске салайық, былтыр Балқыбекова Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0