Бокс

Ләззат Күнгейбаева бокстан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ләззат Күнгейбаева бокстан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Бүгін бокстан 2022 жылғы Азия чемпионаты аясында әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева 81 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жекпе-жегінде үндістандық Альфия Тараннум Акраммен кездесті. Ләззат төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Ләззат Күнгейбаева Азия чемпионатының қола жүлдері атанды.

Күндізгі сессияда Қазақстан намысын қорғаған төрт боксшының үшеуі қола жүлдемен шектелді. Жалғыз Жайна Шекербекова ғана финалға шықты. 

Фото: kfb.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0