русский язык
Футзал

Ринат Төреғазин Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

Ринат Төреғазин Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды
Футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Черногория құрамасына қарсы ойында Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарақат алған Дәурен Нұрғожинның орнына рудныйлық «Аяттың» ойыншысы Ринат Төреғазин шақыртылды. Ринат Төреғазин – Қазақстан құрамасының қатарындағы Ақтөбе футболының түлегі. 2017 жылы 6 ақпанда Алматыда Беларусь құрамасымен өткен жолдастық кездесуде алғаш рет ойнады. Қазақстан құрамасында 9 матч өткізді. Қазіргі уақытта тоғыз голмен Olimpbet-Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергендері тізімінде көш бастап келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада футзалдан Қазақстан құрамасы Черногория құрамасын қабылдайды. Матч Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Кездесудің басталуы сағат 20:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;