русский язык
Хоккей

«Барыс» - «Витязь» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» - «Витязь» матчының тікелей трансляциясы

8 қарашада астаналық «Барыс» өз айдынында «Витязь» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесумен елордалық клуб өз айдынындағы үш матчтық серияны аяқтайды. Кейінгі кездесулерде «Барыс» «Сибирьді» жеңіп (3:1), «Адмиралға» есе жіберген (1:4). «Витязь» қазіргі сырт айдындағы кездесулерінде «Тракторды» жеңіп (5:2), «Авангардтан» (1:3) жеңіліп қалған болатын.

Биылғы маусымда «Барыс» «Витязьбен» кездесу өткізген – Андрей Скабелканың шәкірттері Балашихада 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

«Барыс» - «Витязь» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:20-да басталады. Ойынды Qazsport және KHL Prime арналарынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото hcbarys.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;