Теннис

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Әйелдер арасында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының басталуына екі күн қалды.

Қазақстандықтар Шотландияның Глазго қаласында С тобында Ұлыбритания және Испания командаларымен бәсекеге түседі.

Матчтар 8 200 көрермен сиятын Emirates Arena стадионының хард төсенінішіндегі кортында өтеді.

Қазақстан әйелдер және ерлер құрамаларының капитандары Ярослава Шведова мен Юрий Щукин, спарринг-серіктес Тимур Хабибуллин мен дене дайындығына жауап беретін Татьяна Хаджимурадова, сондай-ақ теннисшілер Юлия Путинцева мен Жібек Құламбаева Глазгоға келіп, әзірлікті бастап кетті. Кортты Юлия мен Жібек байқап көрді. Командаға көп ұзамай Елена Рыбакина, 7 қараша күні Анна Данилина қосылады.

Түпнұсқасы: ktf.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0