Әлібек Қасым: «Ақтөбе» ойыншысы екенімді мақтан тұтамын

Әлібек Қасым: «Ақтөбе» ойыншысы екенімді мақтан тұтамын

Биылғы маусымда жеті гол соққан «Ақтөбенің» орталық қорғаушысы Әлібек Қасым клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Қайратқа» қарсы матч туралы пікірін білдірді.

— Биылғы маусымдағы нәтижеге қарамастан, бүгін тарихи матч болды деп санаймын. Тұтас чемпионат бойы қолдау білдірген жанкүйерлерімізге жеңіс арқылы алғыс айттық. Бәрінің есінен кетпестей тамаша матч өтті.

Бұл маусым оқиғаларға бай әрі ұзақ болды. Оңай болмады. Бірақ бір жағынан қас қағым сәтте бәрі өтіп те кеткендей сезіледі.

Өзіме қатысты айтар болсам, «Ақтөбе» командасына ауысқаныма қуаныштымын және әлі үш жыл осында қалатыныма тіпті мәзбін. Өз алаңымызда биыл жеңілмедік, себебі аптап ыстық болсын, күн суық болсын, стадионда ылғи аншлаг болды. Мен бұндайды алғаш рет көруім.

«Ақтөбе» ойыншысы екенімді мақтан тұтамын. Келесі жылы еурокубокке қатысамыз. Барлығымыз сол ойындарды асыға күтеміз, - деді қорғаушы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0