«Атырау» мен «Жетісу» матчының нәтижесі өзгертілді
![«Атырау» мен «Жетісу» матчының нәтижесі өзгертілді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1435753244_775871340.jpg?v=28713979)
Премьер-Лиганың 17-ші туры аясында ткен «Атырау» мен «Жетісу» арасындағы кездесуде тәртіп бұзылғаны үшін матч нәтижесі өзгертілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
«Жетісу» футбол клубының ойыншысы Гедминас Вичюстің ойынға заңсыз қатысқаны үшін Тәртіптік-бақылау комитеті матч нәтижесінің күшін жою және бұл матчта «Жетісу» футбол клубына 0:3 есебімен жеңіліс белгілеу, ал «Атырау» футбол клубына 3:0 есебімен жеңіс белгілеу туралы бұйрық шығарды.
Сонымен қатар, «Жетісу» футбол клубына «500 000 (бес жүз мың теңге) көлемінде айыппұл» салынды.