Бокс

Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жергілікті боксшыны ұтты

Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жергілікті боксшыны ұтты

Бүгін таңертең Миннеаполистегі (АҚШ) бокс кеші аясында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов (3-0, 2 КО) жергілікті боксшы ДеМаркус Лейтонға (8-4-1, 5 КО) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Алты раундқа созылған жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен Жүсіповтің пайдасына шешілді.

Осы бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (7-0, 6) 12 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0