русский язык
Футбол

Аргентина - Америка кубогының екінші финалисі

Аргентина - Америка кубогының екінші финалисі

Аргентина құрамасы Парагвайды ойсырата ұтып Америка кубогының финалына жолдама алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесу 6:1 есебімен аяқталды. «Альбиселесте» сапында Ди Мария дубль жасаса, Агуэро, Игуаин, Пасторе мен Рохо бір-бір голдан соқты. Парагвай сапында Лукас Барриос көзге түсті. Осылайша, финалда Аргентина жарыстың қожайындары Чили құрамасымен күш сынасады.  

 

Аргентина – Парагвай 6:1 (2:1)

Голдар: 1:0 – Рохо (15), 2:0 – Пасторе (27), 2:1 – Барриос (43), 3:1 – ди Мария (47), 4:1 – ди Мария (53), 5:1 – Агуэро (80), 6:1 – Игуаин (83).

Ескерту алғандар: Рохо (12), Билья (13) – Касерес (13), да Сильва (30), Ортис (59).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;