Ербосынұлы — Моррель жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
![Ербосынұлы — Моррель жекпе-жегінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202211/201736_07caf0b56940a3a588c011d6b82528ea.jpg?v=28663671)
Жексенбі күні таңертең Миннеаполисте (АҚШ) кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7- 0, 6 КО) супер орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Ербосынұлы — Моррель жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен таңғы сағат 08:00-де басталады. Кездесуді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.