Головкин аустралиялық боксшымен жекпе-жек өткізуі мүмкін
![Головкин аустралиялық боксшымен жекпе-жек өткізуі мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content//202211/201131_65e320fdcce836a571b6796314dba63b.jpg?v=28673257)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин аустралиялық Майкл Зерафамен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы аустралиялық боксшы жергілікті спорт арнасына берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, Головкин мен Зерафа командалары арасында жекпе-жек өткізу туралы ауызша келісім бар. Қос тарап келер жылы наурыз айында Аустралияда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
Майкл Зерафа мансабында 34 мәрте шаршы алаңға шығып, оның 30-нда жеңіске жеткен.