русский язык
Футбол

«Бейтар» келеңсіз жағдайға ұшырады

«Бейтар» келеңсіз жағдайға ұшырады

Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу сынында қазақстандық «Ордабасыға» қарсылас атанған израильдік «Бейтар» клубы жол жүру барысында келеңсіз жағдайға ұшырады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

 

Шымкентке ұшақпен 20 сағат жол жүріп келген израильдіктер жүк салғышта жүктерінің жартысы жоқ екендіктерін мәлімдеді. Қазақстанға тікелей келмей әуелі Түркияға қонған болатын. Спорттық формалары мен доптары сол жерде қалып қоған. Қазір ойыншылар қонақүйде. Клуб басшылығы жүктерін тез арада Қазақстанға жеткізуге тырысуда.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» және «Бейтар» арасындағы кездесу шілденің 2-сі күні, сағат Астана уақыты бойынша 18:00-де басталады.        

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;