Чили Америка кубогының финалына шықты
Чили құрамасы Америка кубогының жартылай финалында Перу құрамасын 2:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Эдуардо Варгастың соққан екі голы Чилиді жарыстың финалына шығарды.
Осылайша, Чили құрамасы финалда Аргентина - Парагвай матчының жеңімпазымен кездеседі.
Чили – Перу – 2:1 (1:0)
Голдар: Варгас, 42 (1:0). Медель, 60 – автогол (1:1). Варгас, 64 (2:1).
Чили: Браво, Исла, Рохас, Медель, Альборнос (Мена, 46), Видаль, Диас (Писарро, 46), Арангис, Вальдивия (Гутьеррес, 86), Санчес, Варгас.
Перу: Гальесе, Адвинкула, Самбрано, Аскуэс, Баллон, Варгас, Каррильо (Йотун, 73), Фарфан, Лобатон (Писарро, 73), Куэва (Рамос, 27), Герреро.
Ескерту алған: Самбрано, 7.
Алаңнан қуылды: Самбрано, 20.
30-ші маусым. Nacional Julio Martinez Pradanos стадионы.