Басқа

Денис Тенді еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнир аяқталды

Алматы қаласында биылғы ISU Challenger-дің 7-кезеңі саналатын Денис Тенді еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнир мәресіне жетті. Бұл бәсекеде екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев қысқа және еркін бағдарламаны қосқанда 192,67 ұпай жинады. Қазақстандық спортшы тек грузин Ника Егадзеге (208,47 балл) есе жіберді. Үздік үштікті әзірбайжандық Владимир Литвинцев (188,77) түйіндеді.

Бұл сында Рахат Бралин 4-сатыдан көрінді (181,22 ұпай). Қалған қазақстандықтардың нәтижесі: Олег Мельников – 6-орын (162,30), Елисей Волков – 8-орын (101,96).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0