русский язык
Футбол

Ресми: Петр Чех - «Арсеналда»

Ресми: Петр Чех - «Арсеналда»

Лондондық «Челсидің» қақпашысы Петр Чех ресми түрде «Арсеналға» ауысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Чехиялық қақпашы «канонирлермен» көпжылдық келісімшартқа қол қойды. Әзірге трансфердің құны белгісіз. 

Естеріңізге сала кетсек, Чех 2004-ші жылдан бері «Челсидің» намысын қорғаған. Петр лондондық клубтың сапында төрт рет Англия чемпионатын (2005, 2006, 2010, 2015), төрт рет Англия кубогын (2007, 2009, 2010, 2012), екі рет Англия суперкубогын (2005, 2009), үш рет Англия лигасының кубогын (2005, 2007, 2015) және бір рет Чемпиондар лигасы (2012) мен Еуропа лигасын (2013) жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;