Жеңіл атлетика

Ақтауда жартылай марафон кезінде туындаған дауға қатысты комиссия шешімі жарияланды

Ақтауда жартылай марафон кезінде туындаған дауға қатысты комиссия шешімі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top
Ақтауда жартылай марафонда жеңімпаз атанған 12 жасар қызға қатысты дау-дамай бойынша арнайы комиссия өз шешімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Комиссия шешіміне сәйкес, жеңімпазға тағайындалған сыйлықтар 12 жасар қызға берілетін болды, бірақ жартылай марафон ережелерін бұзғандықтан ол екі жыл бойына жеңіл атлетика жарыстарынан шеттетілді. Жарыс судьясы да жауапкершілікке тартылды. Оған 50 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды, сондай-ақ екі жылға судья болу құқығынан айырылды.

Бұған дейін жасқа қарай шектеулері бар жартылай марафонды ұйымдастырушылар 12 жасар Карина Қуанышева өтінішті толтыру кезінде өз деректерін бұрмалағанын хабарлаған болатын. Ол иеленген қола медалы мен сыйлықтарынан айырыла жаздады. Өйткені спортшы 16 жастан асқан адамдар қатысатын жарыс талаптарына сай емес деп танылды. Бірақ бұл арада қыздың әпкесі жарысты ұйымдастырушыларды айыптап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер