русский язык
Хоккей

«Сарыарқаның» бірнеше хоккейшісі Өзбекстанға кіре алмады

«Сарыарқаның» бірнеше хоккейшісі Өзбекстанға кіре алмады

Instagram желісіндегі «Head On Ice» аккаунтында қарағандылық «Сарыарқаның» бірнеше жетекші хоккейшісі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында төлқұжаттық бақылаудан өте алмаған, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бірақ «Сарыарқа» үшін «Хумоға» қарсы матчтарда басты өкініш– чемпиондардың сиқыршысы және ойындардың маңызды бөліктерінде құтқарушы Эдгарс Сикснаның болмауы.

Сондай-ақ, Иван Захарчук пен Владимир Боровков клубтың жаттығуында және киім ауыстыратын бөлмеде көрінбеді», - деп атап өтті дереккөз.

Еске салайық, «Хумо» (Ташкент) - «Сарыарқа» кездесуі бүгін Астана уақытымен 20:00-де өтеді. Кездесуді Insport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;