русский язык
Футбол

«Қайраттың» көптен күткен жеңісі

«Қайраттың» көптен күткен жеңісі
Оңтүстік астанамыз Алматы қаласында ел біріншілігінің көшбасшылары алматылық «Қайрат» пен Қазақстан чемпионы «Астана» командалары күш сынасты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Қос команда үшін де бүгінгі кездесу ерекше. «Астаналар» дербиінде қос ұжымның аянып қалмайтыны анық еді. Тағы да қоса кетерлігі екі команда да ашық футбол көрсетуді ұнатады. Сол себепті де жанкүйерлердің бүгін нашар футбол көруі мүмкін емес еді.
 
Алғашқы минуттардан шабуылға шыққан екі жақ футболшылары таблодағы есепті ашуға тырысты. Дегенмен бірінші таймның соңғы минуттарына дейін есеп өзгермеді. Тек ысқырыққа санаулы минуттар қалғанда Исаэлдың айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысын Ненад Эрич қайтара алмады. Екінші тайм басталғаннан кейін бес минут өтісімен Жерар Гоуға қарсы айып алаңында ереже бұзды. 11 метрге келген алматылық ұжымның капитаны Бауыржан Исламхан мүлт кетпеді. Есеп - 2:0. Станимир Стоилов шәкірттері мұндай өзгеріске дайын емес еді. Қарсылас қақпасынан қанша саңылау табуға тырысқанымен бүгін олардың жолдары болар емес. Кездесу аяқталғанша таблодағы есеп өзгермеді.
 
Осылайша, Владимир Вайсстың шәкірттері елордалық командадан бір ұпайға озып, жарыс кестесінде 2-ші орынға табан тіреді.
 
 
Қазақстан чемпионаты, 18-ші тур
«Қайрат» - «Астана» 2:0 (1:0)
Голдар: Исаэл 45, Исламхан 50
«Қайрат»: Плотников, Плиев (Лунин 25), Соарес, Гурман, Маркович, Исламхан (Сержиньо 85), Исаэл (Кукеев 90), Гоу, Куантаев, Ли, Куат.
«Астана»: Эрич, Постников, Аничич, Шомко, Дедечко (Должчиев 60), Кетевоама (Конысбаев 85), Жуков, Каньяс, Бейсебеков, Твумаси, Нусербаев (Кабананга 60).
Төрешілер: Артем Кучин, Дмитрий Будниченко, Андрей Попов
Ескертулер: Куат 14 - Нусербаев 59, Постников 80
28 маусым 2015 жыл, Алматы, Орталық стадион.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;