Велоспорт

Денис Сергиенко – маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Денис Сергиенко – маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық шабандоз Денис Сергиенко Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында өтіп жатқан маутинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

23 жасқа дейінгі велоспортшылар арасында 16,45 шақырым жарыс жолында Денис Сергиенко мəреге оңтүстік кореялық Сеонхун Чуннан кейін келді. Ал үздік үштікті тағы бір жарыс қожайыны Сеунг Со Хё түйіндеді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Чемпионаттың алғашқы күні 20 км болатын командалық эстафетада алтын жеңіп алған. Жалпы биылғы құрлық додасына 17 елден 200-ден астам атлет жиналған.

Түпнұсқасы: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер