Дзюдо

Grand Slam. Ғалия Тынбаева мен Әбиба Әбужақынова екінші айналымға шықты

Grand Slam.  Ғалия Тынбаева мен Әбиба Әбужақынова екінші айналымға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін БАӘ-нің Абу-Даби қаласында дзюдодан Grand Slam сериясының турнирі бастауын алды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жарыстың алғашқы күні бес салмақта жүлделер ойнатылады. Ерлер 60, 66 кг, ал қыздар 48, 52, 57 кг салмақта белдеседі.

Татамиге алғаш боп шыққан Ғалия Тынбаева мен Әбиба Әбужақынова екінші айналымға шықты. Ғалия Тынбаева аргентиналық Кейси Перафанды жеңсе, Әбиба Әбужақынова вьетнамдық Хоангои Тхи Тиньнен басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер