Виктор Кумыков: «Сылбыр ойынға ауа-райының ыстығы себеп болды»
«Қайсар» - «Ордабасы» кездесуінен кейін шымкенттік команданың бас бапкері Виктор Кумыков баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
- Ойын жүрген жоқ. Екі команда да өздерінің бар мүмкіндігін паш ете алмады. Бұған ауа-райының ыстығы себеп болды деп ойлаймын.
- Еуропа лигасының аясындағы алғашқы матчқа дайындықтарыңыз қалай?
- Израильдің «Бейтар» командасымен ойнайтынымызды білемін. Осы кезге дейін «Қайсарға» қарсы дайындалдық. Енді «Бейтардың» қамына кірісеміз.
Дереккөз: «Қайсар» ФК ресми сайты