Кособуцкий Германияда өтетін жекпе-жек күнін ресми хабарлады
![Кособуцкий Германияда өтетін жекпе-жек күнін ресми хабарлады](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/472_84464f75c53ee0f490519bcb8c780dc9.jpg?v=28702826)
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий рингке оралады. Ол германиялық Хуссейн Мұхамедпен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кособуцкий алдағы жекпе-жектің афишасын Instagram-да жариялап, «Таяуда! Жаңа кездесу, 5 қарашада!» деп жазды.
Жекпе-жек 5 қарашада Оберхаузенде (Германия) өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл - қостанайлық боксшының 2022 жылдағы екінші жекпе-жегі болды. Кособуцкий бұған дейін Германияда француз Жоан Дюопті жеңген болатын.