Жеңіл атлетика

Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

2023 жылдың 10-12 ақпаны аралығында Астанада жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратында өтеді.

«Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек алдағы чемпионатқа дайындық барысын талқылады. Кездесуде Астанада жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу мәселесі де көтерілді», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер