русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы өзге ұйымның чемпиондарымен қашан жекпе-жек өткізеді

Жәнібек Әлімханұлы өзге ұйымның чемпиондарымен қашан жекпе-жек өткізеді

Орта салмақтағы WBO чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзге ұйымның чемпионымен қашан жекпе-жек өткізуі мүмкін екені белгілі болды. Бұл туралы 3kingsboxing.com басылымы жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«WBO чемпионы Әлімханұлы титулын алғаш рет Дензел Бентлиге қарсы 12 қарашада қорғайды. Егер ол жеңіске жетсе, жақын уақытта өзге ұйымның чемпиондарымен жекпе-жек өткізе алмайды. Өйткені чемпиондар Чарло мен Головкин біраз уақыт бос болмайды.

Десе де бокс әлеміндегі жағдайдың жылдам өзгеруіне байланысты WBO чемпионы бірлескен титулдық жекпе-жекті 2023 жылдың соңында өткізуі мүмкін», - деп жазды басылым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;