Велоспорт

Александр Дымовских: Біз жарыстың басынан Жапония командасымен күрестік

Александр Дымовских: Біз жарыстың басынан Жапония командасымен күрестік
news-banner7
mobile-news-top

Маунтинбайктан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Дымовских Азия чемпионатында өз шәкірттерінің өнер көрсетуіне түсініктеме берді.

- Эстафета-өте қызықты жарыс түрі, өйткені команда құрамы спортшылардың жас ерекшелігіне басымдық берілмейді. Біз жарыс жолын бастаудан бір күн бұрын спортшыларымызды жаттықтыра алдық. Жарыс шеңбері өте күрделі болды, 4 км-ден астам: 3 км-ден астам күштік көтерілу және 1 км жоғары жылдамдықты жартасты техникалық төменге құлдилап түсу, әрі биіктігі 1.8 м-ден асатын 2 трамплин жоспарланған. Айтпақшы, Азияда мұндай күрделі элементтер алғаш рет қосылды, біз оларды тек Әлем кубогы мен Еуропадағы жарыстарда кездестірдік.

Басынан бастап біз Жапониядан келген командамен күресіп, бірінші айналымды бірдей уақытпен өткіздік. Талас бүкіл жарыста сақталды, өйткені спортшы эстафетаны тапсырып, шеңберге шыққанда, сіз ол туралы ешқандай ақпаратсыз оны 15-18 минут аралығында күтесіз. Жарыс тауларда және тығыз орманда өтуде. Команданың көңіл-күйі маңызды рөл атқарды, олар спорттық саймандарын түгендеп сәтсіздікке ұшырамауына алаңдады. Және ол сәтсіздікке ұшыраған жоқ. Осының арқасында, әрине, әрбір спортшы өз айналымын қатесіз еңсере алды, бұл бізге алтын медаль жеңіп алуымызға мүмкіндік берді, - деп атап өтті Александр Дымовских.



Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер