Жеңіл атлетика

Астанада Азия чемпионаты өтеді

Астанада Азия чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

2023 жылдың 10-12 ақпаны аралығында Астанада жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратында өтеді.

«Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек алдағы чемпионатқа дайындық барысын талқылады. Кездесуде Астанада жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу мәселесі де көтерілді», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер