русский язык

Сегіз гол соғылған матч. Қазақстан кубогының алғашқы финалисі белгілі

Сегіз гол соғылған матч. Қазақстан кубогының алғашқы финалисі белгілі

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы аясында «Ақжайық» пен «Тараз» командалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдың алғашқы матчы Оралда өтті. «Ақжайық» өз алаңында «Таразды» қабылдады. Үзіліске дейін оралдықтар қонақтар қақпасына жауапсыз үш гол тоғытып тастады.
19-минутта Тома Табатадзе, 38-минутта Петрос Аветисян көзге түсті. Бірінші тайм соңына қарай Рафаэль Сабино қанжығасын майлады.

Екінші таймда тараздықтар есеп айырмасын қысқарта алды - Марат Шахметов гол соқты.

Бірақ оралдықтар тоқтап қалған жоқ. Артур Газданов пен Оралхан Өміртаев есепті 5:1 қылды.

Кездесу соңына қарай «Тараз» сапында Дәурен Жұмат пен Мақсат Әмірханов гол соқты. Қорытынды есеп - 5:3.

Осылайша, «Ақжайық» Қазақстан кубогының финалына шықты. Енді екінші матчта «Астана» мен «Ордабасы» кездеседі.

Қазақстан кубогы. Жартылай финал

«Ақжайық» (Орал) - «Тараз» 5:3 (3:0)

Голдар: Табатадзе 19, Аветисян 38, Сабино 45, Шахметов 75, Газданов 78, Өміртаев 82, Жұмат 86, Әмірханов 88

Төреші: Омаров Рустам (Алматы)

19 қазан. Орал. П.Атоян атындағы стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;