русский язык

«Біз мұны істейміз». Магомед Адиев Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеуіндегі мүмкіндіктері туралы

«Біз мұны істейміз». Магомед Адиев Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеуіндегі мүмкіндіктері туралы
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Metaratings.ru тілшісіне берген сұхбатында Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі топтағы қарсыластарына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Іріктеуе бізге өте мықты топ түсті. Барлығы мықты командалар. Әрқайсысы басқа командадан ұпай алып кете алады, бұл екінші жолдама үшін өте қызықты кездесулер болады.

Қағаз жүзінде бізде жақсы мүмкіндік бар, ойында сәл басқаша болуы мүмкін. Біз қарсыластарымызға дұрыс жолмен жақындап, дайындалуымыз керек. Біз мұны істейміз, не болатынын көреміз», - деді Адиев.

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командаларымен бір топта. Үздік екі орын алған команда финалдық турнирге жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;